2015 жылғы 03 желтоқсанда Өскемен қаласында «Сараптама өтудің бизнес-процесінің түбегейлі өзгерістері» тақырыбында «Мемсараптама» РМК ШҚО бойынша филиалының және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кеңес өтті. Мемсараптама қызметін жетілдіру аясында, сараптамаға өтініш және материал қабылдау процесіне, мерзімдерге, төлемақыға енгізілген жаңа тәртіп пен басқада жоспарлар туралы кешенді сараптама өтудің бизнес-процесінің таныстыру рәсімі ұсынылды. Таныстыру рәсімінен кейін кеңес «сұрақ-жауап» тәртәбәнде өтті.