Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-08-25 күнінлені Ғимараттар мен құрылыстарға автоматты түрде мониторинг жүргізу жүйесін қолдану, жобалау қағидалары, монтаж, пайдалану және қызмет ету ревизиясы

2015-07-22
Ғимараттар мен құрылыстарға автоматты түрде мониторинг жүргізу жүйесін қолдану, жобалау қағидалары, монтаж, пайдалану және қызмет ету
Ғимараттар мен құрылыстарға автоматты түрде мониторинг жүргізу жүйесін қолдану, жобалау қағидалары, монтаж, пайдалану және қызмет ету
Ғимараттар мен құрылыстарға автоматты түрде мониторинг жүргізу жүйесін қолдану, жобалау қағидалары, монтаж, пайдалану және қызмет ету
Құрылыста және өнеркәсіптің түрлі салаларына кеңінен қолданатын зияткерлік технологияны әзірлейтін «Tieto – Oskari Oy» компаниясы өз өнімдері мен жабдығын таныстыру және семинар-курс өткізу мақсатында шақыруы бойынша 2015 жылдың 10 шілдеден 16 шілдеге дейінгі мерзімде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің конструкторлық сектор басшысы Б.К. Қалменов «Мемсараптама» РМК мамандарымен бірге Финляндия Республикасы, Каяни қаласына барып келді. Компания ғимараттар мен құрылыстарға автоматты түрде мониторинг жүргізу жүйесін қолдану, жобалау қағидалары, монтаж, пайдалану және қызмет ету жөнінде семинар-курс өткізген болатын. Семинарда ғимараттар мен құрылыстар сенімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конструкциялардың кері өзгерістері мен ақауларын уақытында табу, бұзылуына әкелетін қайта айналмайтын процестердің алдын алу үшін ақпарат беру жөнінде сөз етілді. Семинар дәрістерін «Tieto – Oskari Oy» компаниясының атқарушы директоры (Финляндиядағы ҚР-ның құрметті консулы) Taito Heikkinen өткізді. Сонымен қатар, компания өкілдері Каяни қаласындағы «Tieto – Oskari Oy» компаниясының құралдарын әзірлеудің өндірістік нысанына, «Каяни» шіркеуіне және «Призма» үлкен сауда үйіне баруды ұйымдастырды, мұнда ғимарат түсетін күші, жел күші әсерімен қоңыраухананың теңселуі жөнінде толық ақпарат беретін және оның нәтижесі Ғаламтор арқылы смартфонға алынатын компанияның жабдығы орнатылған. Семинар өткізілгеннен кейін қатысушыларға біліктілік арттыру жөнінде куәліктер берілді. Семинарды өткізген «Tieto – Oskari Oy» компаниясына алғыс білдіреміз.