Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Alageum electric» АҚ өнімімен танысу

2015-06-08
«Alageum electric» АҚ өнімімен танысу
Мемлекеттік сараптама жүйесі қызметкерлері Қазақстан Республикасының ең ірі электр техникалық компанияларының бірі, электр машина жасау көшбасы «Alageum electric» АҚ-мен Шымкент қаласына компания жабдығы мен өнімімен танысу үшін шақырылған болатын. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы атынан өндірістік бөлімнің инженерлік желілер мен құрылыстар секторы сарапшысы А.М. Кукиев қатысты. Осы сапар тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті маңыздағы үлесті көбейту, отандық тауар өндірісшілерін қолдау, ҚР-да өндірілетін өнім сапасын арттыру мақсатында электр монтаждау бұйымдарын шығару зауытына бару ұйымдастырылды. Қатысушылар назарына өнім шығару технологиясымен таныстыру рәсімін ұсынып, жабдық құрастыруды көрсетіп, қызметкерлерімен, зауыттың инженерлік-техникалық құрамымен таныстырып, Қазақстанның энергетика жүйесін нығайту жолында алғашқы қадамдары жөнінде сөз етті. Таныстыру рәсімі өткеннен кейін, қатысушыларға ақпараттық-үлестірме материалдары таратылып берілді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Alageum electric» АҚ-ға іс шараның өткізуіне алғысын білдіреді.