Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Атырау қаласындағы өңірлік кеңес

2015-06-16
Атырау қаласындағы өңірлік кеңес
Атырау қаласындағы өңірлік кеңес
Атырау қаласындағы өңірлік кеңес
Атырау қаласындағы өңірлік кеңес
Атырау қаласындағы өңірлік кеңес
2015 жылғы маусым айының 13-де құрылыс жобаларына «Бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөнінде Атырау қаласының «Ренессанс» қонақ-үй кешенінде өңірлік кеңес өтті. Бұл кеңеске Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаев, «Мемсараптама» РМК-нің бас директорының орынбасары Е.Ж.Едресов және шақырылған тапсырысшылар мен жобалаушылар да қатысты. Мемсараптама бас кәсіпорыннан Омарова А.К., Марденов А.А., Макаров М.Л. қызметкерлерімен қатар, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы «Мемсараптама» РМК-нің филиалдар басшылары, өндірістік және жинақтау бөлімдерінің басшылары мен сарапшылары қатысты. Атырау облысы әкімінің орынбасары құттықтау сөзінен соң, «Мемсараптама» РМК-нің бас директорының орынбасары Е.Ж.Едресов кеңесті жалғастырды. Ол өз сөзінде жобаларды «Бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің графикалық мәліметтер көрсетумен бизнес-барысыменн таныстырды. Сондай-ақ, алдағы сараптаманың жоспарларын атап кетті: сараптама қорытындысының шығу барысын автоматтандыру, сараптама өткізудің сапасын жақсарту, тапсырысшылар және жобалаушылармен түйіспей жұмыс істеуі. Кеңестің екінші бөлігі «сұрақ-жауап» режимінде өтті десе де болады, өйткені залдан көптеген сұрақ жауып, олардың бәріне Мемсараптама қызметкерлері толық та нақты жауап берді.