Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Қазақстандағы энергиялық тиімді құрылыс және ТКШ: заманға сай энергия үнемдеу мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

2015-06-09
"Қазақстандағы энергиялық тиімді құрылыс және ТКШ: заманға сай энергия үнемдеу мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар
"Қазақстандағы энергиялық тиімді құрылыс және ТКШ: заманға сай энергия үнемдеу мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар
2015 жылғы 9 маусымда "Қазақстандағы энергиялық тиімді құрылыс және ТКШ: заманға сай энергия үнемдеу мәселелері” тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: әлемдік және отандық трендтердің негізінде энергиялық тиімді жобалауды, құрылысты және ТКШ-ты алға бастырудың заманға сай тенденцияларымен таныстыру; Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу кезінде туындайтын кедергілерді және оларды еңсеруді талқылау. Анықтама: ПРООН/ГЭФ және ҚР Үкіметінің ТКШ және құрылыста ғы ЭҮ бойынша Жобаларының ұзақ мерзімді мақсаты: жаңа және бұрыннан бар тұрғын ғимараттардың энергиялық тиімділігін арттыру арқылы Қазақстанның тұрғын үй секторындағы булы газдар эмиссиясын қысқарту болып табылады. Жобалардың шеңберінде ҚР Үкіметімен ыгтымақтастықта міндетті құрылыс нормативтерін жетілдіру мен олардың сақталуын бақылау үдерісіне, энергиялық тиімділікті бағалау мен мониторингілеу жүйесіне бағытталған компоненттер іске асырылады; энергиялық тиімді жобалауды және энергиялық тиімді технологияларды пайдалануды алға бастыру үшін білім беру мен ақпараттандыру; жаңа ғимараттарды жобалауды және бұрыннан барды жаңғыртуды әзірлеу және көрсету. Конференцияға қатысушылар; сараптау, жобалау, сәулет және құрылыс ұйымдарының мамандары, энергиялық тиімді жүйелер мен жабдықтарды өндірушілер, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, ғимараттарды энергиялық басқару ұйымдары, халықаралық және жергілікті сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, студенттер және энергиялық тиімді құрылыс тақырыбына қызығушылығы бар мамандар. Сөз сөйлегендер: Матов Р. «Мемсараптама» РМК-нің Астана қаласындағы филиалы директорының орынбасары «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидасы» тақырыбына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы). Белый А. - ПРООН/ГЭФ және ҚР Үкіметі Жобаларының менеджері "Энергиялық тиімді ғимараттарды жобалау және салуға көшу нәтижелері. ПРООН/ГЭФ зерттеулерінің нәтижелері "