Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"ЭҚАБЖ-ні әкімшілік ету" тақырыбындағы оқыту-семинары

2014-12-09
"ЭҚАБЖ-ні әкімшілік ету" тақырыбындағы оқыту-семинары
Ағымдағы жылғы 4 және 5 желтоқсанда Астана қаласындағы «Мемсараптама» РМК-нің бас кәсіпорнының мәжіліс залында IT қызметкерлері үшін «Жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық қабылдау жүйесін және Электрондық құжат айналамының бірыңғай жүйесін әкімшілік ету, пайдалану және сүйемелдеу» тақырыбында оқыту-семинары өтті. Аталған семинарда ЭҚАБЖ және ЭЖСҚ жүйелеріне, жүйелердің әртүрлі қызметтеріне шолу жасау және оларды баптау тақырыбтары қамтылды. ЭҚАБЖ «Сараптамалық қорытындыларды автоматтандыруды» дамытуға арналған жоспарланған қызметтердің тұсау кесері болды. Сондай-ақ семинарға қатысушылар ЭҚАБЖ жүйесінің жаңа қызметтерімен іс жүзінде танысып, тәжірибе алмасты. Пікір сайыстар өткізілді. Пікір алмасу барысында ЭҚАБЖ жұмысын жақсарту бойынша бір қатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Семинар аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталды.