Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-07-08 күнінлені Астана қаласындағы семинар ревизиясы

2015-06-22
Астана қаласындағы семинар
Астана қаласындағы семинар
2015 жылғы маусым айнының 14 - 19 аралығында Инком компаниясының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Құрылыс жобаларының смета-экономикалық бөлімін АВС бағдарламалық өнімдерін қолдана отырып ресурстық тәсілмен қалыптастыру» тақырыбына бескүндік практикалық семинар өтті. «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы атынан өндірістік бөліміндегі сметалық және экономикалық тобының сарапшылары Хвостикова Л.П. и Мұстажапова З.Ғ. қатысты. Семинарды АВС жүйесінің әзірлеушілері Изатов В.А. (теориялық бөлімі) және Гладких Л.В. (тәжірибелік бөлімі) жүргізді. Семинар барысында мына сұрақтар қарастырылды: - құрылыстағы бағаның құрылуын реформалау, құрылыс өнімдерінің бағасын ресурстық тәсілмен қалыптасуға ауысу; - құрылыстағы баға құрылуының әдістемелік құжаттары жүйесінің талаптары; - сметалық құжаттаманың құрамы, құрылымы және түрлері, сметалық құжаттамасын даярлаудың негізгі тәртіптері; - ҚР ресурстық смета-нормативті базасы құрылымының, құрамының және ұйымдастыруының ерекшеліктері, АВС-4 жаңа смета-нормативті базасын пайдалану, ҚР қолданыстағы смета-нормативті базасын салыстырмалы талдау; - құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдеріне байланысты шығындар, уақытша ғимараттар мен құрылымдарға шығындар, қысқы уақыттағы қосымша шығындар; - локалды сметалық құжаттаманы шығару мақсатындағы АВС форматында бастапқы мәліметтерді даярлаудың үш кезеңді технологиясы; - 2001 жылғы базалық бағада бұрын орындалған смета конвертациясының әдістемесі мен ерекшеліктері; - АВС-СМР кіші жүйесі, «АВС-экспертиза», «АВС-Аккорд» бағдарламалық кешендерін пайдалану; - АВС жаңа технологиялары, смета-экономикалық бөлімі қалыптасуына ВІМ үлгілерін қолдану. Семинар аяқталуымен сарапшыларға куәліктер тапсырылды.