Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Салалық сараптамаларға арналған семинар-кеңес

2015-04-07
Салалық сараптамаларға арналған семинар-кеңес
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын қолданысқа енгізу бойынша дайындық шаралары аясында «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалы 2015 жылғы 29 сәуір күні бірлесіп орындаушылар «Алматы облысының экология басқармасы» ММ, «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Алматы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» ММ семинар-кеңес өткізді. Семинарда салалық сараптамалардың қатысуымен «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі ортақ қызмет мәселелері талқыланды.