Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан – туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты»

2015-06-08
«Қазақстан – туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты»
«Қазақстан – туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты»
«Қазақстан – туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты»
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 8 маусымда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында Іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеудің 23-жылдығына арналған іс шара өтті. Барша әлемде мемлекеттік рәміздер жалпыұлттық және біртұтастық құндылықтарды бейнелейтін, халықтың тарихи өмірін айшықтайтын нышан. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу отан сүйгіштік пен азаматтық ұстанымның белгісі. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне қазақ халқының тәуелсіздікке талпынысын, оның еліне деген мақтанышы, еңбекқорлық пен бейбітшілікті көрсететін элементтер енген. Іс шараның ақпараттық бөлігінде ҚР мемлекеттік рәміздерін шығару және қолданысқа енгізудің тарихи кезеңі жөнінде жарты сағаттық бейнеролик көрсетіліп, рәміздерге қазақ халқының дүниетанымы тұрғысынан қарау туралы баяндалды. Баяндама өзге халықтардың нышандарын табу тапсырмасымен жалғасып, қатысушылар алдын-ала карточкаларда бейнеленген 9 елдің мемлекеттік рәміздерін табу керек еді. Осылайша, филиал қызметкерлері іс шараны елдердің нышандарын табумен, ақпарат алмаумен, талқылаумен, Қазақстан Республикасының әнұранын айтумен өткізді.