Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жемқорлыққа қарсы шаралар тақырыбында «Нұр Отан» партиясы және қаржылық бақылау испекциясы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

2015-06-16
Жемқорлыққа қарсы шаралар тақырыбында «Нұр Отан» партиясы және қаржылық бақылау испекциясы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағының жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде, жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру іс-шарасын орындау мақсатында, 2015 жылдың 16 маусымы күні «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойына филиалында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.М.Кульжанова және БҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.И.Акмалиевтің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Г.М.Кульжанова өз сөзінде жемқорлық және өзге де қылмыстардың алдын алу жолдарын ұсынды. М.И.Акмалиев қаржылық бақылау инспекциясының қызметі жөнінде мәлімет беріп, 2014-2015 жылдардағы жетіспеген қаржы көздерінің статистикалық көрсеткішін келтірді. «Нұр Отан» партиясының және қаржылық бақылау инспекциясы өкілінің сөздерінен кейін, жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қолдану керектігі талқыланды, нақтырақ айтқанда: ҚР заңдарын білу, отбасындағы бала тәрбиесі, қоғамдық бірлестіктерге және кәсіпшілер одағына қатысу. Филиал ұйымының болашақта «Нұр Отан» партиясының ашық отырыстарына, қоғамдық жиналыстарға қатысуы қарастырылды. Жиналыс соңында филиал мен «Нұр Отан» партиясы арасында «Ұлт болашағының жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар ұдайы негізде жемқорлыққа қарсы күресті өзара бірлесіп шешу көзделді.