Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау-құрылыс құжаттаманы жаңа жағдайларда нормативпен реттеу жөнінде

2015-05-25
Жобалау-құрылыс құжаттаманы жаңа жағдайларда нормативпен реттеу жөнінде
Жобалау-құрылыс құжаттаманы жаңа жағдайларда нормативпен реттеу жөнінде
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2015 жылға арналған Жоспарын орындау аясында, жинақтау бөлімнің бас маманы (сараптау қорытындыларын шығару жөніндегі) Г.М. Қалмағамбетова 2015 жылғы 18-19 мамыр аралығында Алматы қаласында «KAZGOR» Жобалау академиясы «Жобалау-құрылыс құжаттаманы жаңа жағдайларда нормативпен реттеу жөнінде» тақырыбына ұйымдастырып өткізген біліктілікті арттыру курсын өтті. Семинарды «KAZGOR» жобалау академиясының ғылым және нормативтер жөніндегі вице-президенті А.Б. Қонысбаев, «KAZGOR» ЖА-ның техникалық нормативтер жөніндегі кеңесші Т.Ж. Ақбердин, «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС-нің Ақпараттық-баспа орталығының бас маманы және Жобалау академияның басқа да қызметкерлері өткізді. Семинарда құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту жағдайы мен келешегі, техникалық реттеудің негзгі компоненттері мен ерекшеліктері, қызмет өнімдерінің және үдерістер қауіпсіздігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саладағы нормативтік құжаттардың қолданыстағы мемлекеттік жүйесінің ерекшеліктері, халықаралық және аймақтық стандарттарды қолдану, жобалау, салу және күрделі құрылысы нысандарын пайдалануға қабылдау кезінде инжинирингілік қызметтерді реттемелеу, және өзге де бүгінгі күнге көкейтесті мәселелер талқыға салынды. Екі күндік курс аяқталғаннан кейін, қатысушыларға біліктілікті арттыру курсынан өтті жөніндегі Куәліктер берілді. Курс ұйымдастырушыларына құрылыстағы техникалық реттеуді дамыту саласындағы білікті мамандарынан білім алу мүмкіндігі үшін мың да бір алғыс!