Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша азаматтық-іс жүргізу қатынастарын құқықпен реттеу

2015-05-19
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша азаматтық-іс жүргізу қатынастарын құқықпен реттеу
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2015 жылға арналған Жоспарын орындау аясында, әкімшілік-басқару ұжымының бас маманы (заңгер, кадрлар жөніндегі) О.В. Ганноченко 2015 жылғы 14 мамырда Астана қаласында «2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша азаматтық-іс жүргізу қатынастарын құқықпен реттеу» тақырыбына «Мемсараптама» РМК ұйымдастырып, «Параграф» бизнес-мектебі өткізген семинарға қатысты. Семинарды «Параграф» бизнес-мектебінің оқытушысы, бизнес-тренер, заң ғылымының кандидаты, МВА, ҚХА (Алматы қ.) төрешісі А.А. Аманкелді өткізді. Семинарда азаматтық, азаматтық- іс жүргізу заңнамасы, атқару өндірісінің өзгеру мәселелері талқыға салынып, практикалық тапсырмалар (сұрақтар мен тесттер) берілді. Курс аяқталғаннан кейін, қатысушыларға біліктілікті арттыру курсынан өтті жөніндегі Куәліктер берілді. Курс ұйымдастырушыларына заң саласындағы білікті мамандарынан білім алу мүмкіндігіне алғыс білдіреміз!