Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-05-15 күнінлені «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалындағы жиналыс ревизиясы

2015-05-15
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалындағы жиналыс
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалындағы жиналыс
2015 жылдың 14 мамырында «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің «бір терезе» қағидасы бойынша 2015жыл 1 сәуір №299 Бұйрығымен «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға жыне күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын түсіндіру мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа салалық сараптама өкілдері, «Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «БҚО құрылыс басқармасы» ММ, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, БҚО аудандық әкімдігі, аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемелері қатысты. «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының директоры Б.Б. Сейтқали заңдағы өзгерістерге жалпылама мәлімет беріп, жиналысты ашты. Жинақтау бөлімінің басшысы М.Е.Башбаева сөз алып, қатысушыларға құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін түсіндірді. Бірыңғай кешенді сараптама жүргізу жөнінде көптеген сұрақтар қойылып, соған сәйкес жауаптар берілді. Ведомстводан тыс салалық сарапатама басшылары жобаларды қарау мерзімі, жобаның жауаптылық деңгейі мен қиындығына байланысты екенін нақтылап айтты. Сараптама жүргізуге тапсырылған құжаттар тізімге сай болмаған жағдайда, жоба қараусыз қайтарылады. Жиналыс соңында барлық қатысушыларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге қатысты анықтама материалдар берілді.