Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Кан Валентин Николаевич

2015-01-30
Кан Валентин Николаевич
2015 жылғы 25 қаңтар күні «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының сарапшысы, біртуар азамат Кан Валентин Николаевич өмірден өтті. Валентин Николаевич 1941 жылдың 1 қыркүйегінде Өзбекстанның Самарқанд облысы Паст-Даргом ауданының Красный Восток ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Куйбышев атындағы Сібір автомобиль-жол институтын аяқтады. Еңбек жолын 1965 жылдың ақпанында №14 жол-пайдалану учаскесінде бас инженер ретінде бастайды. 1965 жылдың 15 сәуірінен 1965 жылдың 22 қарашасына дейін №34 жол-құрылыс басқармасында өндірістік-техникалық бөлім бастығы болып жұмыс жасаған. 1965 жылдың 16 қарашасынан 1966 жылдың 25 желтоқсанына дейін Кеңес әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеген. 1967 жылдың 1 ақпанынан 1967 жылдың 21 шілдесіне дейін Жөндеу-құрылыс басқармасында жол салу және жөндеу бойынша прораб болып жұмыс жасаған. 1967 жылдың 1 тамызынан 1967 жылдың 23 қазанына дейін Талдықорған ДРС-2 прораб болып жұмыс жасаған. 1967 жылдың 14 қарашасынан 1968 жылдың 25 мамырына дейін жөндеу-құрылыс басқармасында жол салу және жөндеу бойынша шебер болып жұмыс жасаған. 1968 жылдың 28 мамырынан 1972 жылдың 29 ақпанына дейін №47 жол-көпірқұрылысы басқармасында ӨТБ аға инженері, ӨТБ бастығы болып жұмыс жасаған. 1972 жылдың 17 наурызынан 1977 жылдың 17 мамырына дейін «Казмежколхозпроект» институтының Талдықорған филиалында жоспарлау бөлімінде аға инженер, жол тобының жетекшісі болып жұмыс жасаған. 1977 жылдың 18 мамырынан 1978 жылдың 18 мамырына дейін «Талдықорғанпромқұрылыс» Заводстрой трестіндегі құрылыс-монтаж басқармасында ӨТБ бастығы болып жұмыс жасаған. 1988 жылдың 1 қазанынан 1992 жылдың 10 ақпанына дейін мемлекеттік-кооперативтік «Талдықорғанпромқұрылыс» жобалау-ізденіс институтында жетекші инженер болып жұмыс жасаған. 1992 жылдың 10 ақпанынан 1994 жылдың 18 сәуіріне дейін «ДМСТ-8» АҚ-ның №2 филиалында өндірістік бөлім бастығы, бас инженер болып жұмыс жасаған. 1994 жылдың 18 сәуірінен 1997 жылдың 5 тамызына дейін «Стимул» кооперативінде бөлімше бастығы болып жұмыс жасаған. 2001 жылдың 23 сәуірінен 2009 жылдың 1 ақпанына дейін «Талдыкорганжолдары» ЖШС-де жұмыс жасаған. 2003 жылдың 22 мамырынан «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында штаттан тыс сарапшы болып жұмыс жасаған. Кан Валентин Николаевич Мемсараптамада жұмыс жасау барысында өзін білгір, білікті маман ретінде көрсете білді, ол жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелерді шеше алатын. Әріптестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Мемсараптама қызметіне жобалардың сапасын арттыру бөлімінде зор үлес қоса білді. «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалы Кан Валентин Николаевичтің қаза болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.