Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі семинар

2015-04-01
Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі семинар
2015 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың жұмыс сапары аясында «Жергілікті қамтуды дамыту» өңірлік форумы және отандық тауар өндірісшілердің көрмесі өтіп, оған «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры С.О. Лекеров қатысты. Форумның негізгі мақсаты жергілікті қамтуды дамытуда, отандық өндірісшілерді тартуда, жаңа өнімдер шығару үшін мекемелерге қолғабыс етуде және т.б. Өңірлік форум мәжілісін Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов ашып, әкім орынбасары Г.Н. Искалиев, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Ван Цзюньжэнь, «Казхром» ТҰК» АҚ-ның президенті В.В.Тиль, «Самрұқ Қазына Контракт» ЖШС-нің бас директоры С.К. Елшібеков сөз етті. Сонымен қатар форумға білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік-дамыту вице-Министрлері, «Астана Экспо 2017» ҰК» АҚ-ның, «NADLoc» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-ның, «Самрұқ Қазына Контракт» ЖШС-нің басшылары, 100 шақты жер қойнауын пайдаланушы мекемелердің, ірі тау-металлургиялық кешендер компанияларының, кіші және орта бизнес мекемелерінің басшылары қатысты. Көрмеге Ақтөбе облысының 36 кәсіпорны өз өнімін ұсынды – мұнай газ жабдығы, құрылыс материалы, су және газ құбырлары, арнаулы жұмыс киімі, жарылғыш заттар, ЖЖМ, су тазарту жүйесі, мұнай өндіруді басқару жүйесі және т.б. Форум шеңберінде компаниялар арасында шахталарға арналған бекіту бұйымдар жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарға қол қойылды. Сонымен бірге канилирленген торшалар мен строптар, бұрғылау ұштықтары, болатты кедір-бұдырланған торшалар, химиялық реагенттер жеткізудің ниет хаттамаларына қол қойылған. Аталмыш форум қатысушылары осындай іс шараларды тоқсан сайын өткізетіндігін шешіп, бұл алдағы уақытта өңірдің ірі компаниялардың сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыруды ынталандырады деген ойда қалды.