Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-01-19 күнінлені Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтарды марапаттау ревизиясы

2015-12-18
2014 жылғы 16 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов салтанатты жиын өткізді. Кездесу барысында облыс әкімі барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады: «Міне жиырма үш жыл бойы 16 желтоқсан күні қазақстандықтар елдің ұлттық мейрамын атап өтеді. 1991 жылдың дәл осы күні біздің республика тәуелсіз, демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет статусын алды. Тарихи аз уақыт ішінде Тұңғыш Президенттің дана және көреген саясатының арқасында біз өз мемлекетімізді құра алдық және өз жерімізге өзіміз иелік ете алатындығымызды дәлелдедік». Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелеріне де тоқталып өтті: «Бүгінде мемлекет тәуелсіздіктің 23 жылдығын үлкен жетістіктер және түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізумен қарсы алып отыр. Оған дәлел - Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа экономикалық саясатқа серпіліс берген, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының ауқымды жүзеге асырылуы. Бүгінде біз күшті әрі дамушы мемлекет болдық, тұрақты дамуға қол жеткіздік, өзіндік потенциал есебінен мемлекет әлімде беделді орынға ие болды. Алдыда бізді жаңа жетістіктер, жаңа белестер күтіп тұр». Құттықтау сөз соңында өңір басшысы бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар, облыс әкімінің құрмет грамоталарын және "Құрметті азамат" белгілерін ұсынды. Президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық еңбегі, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдениеттік дамуына, халықтар арасындағы достық пен ықтымақтастықты нығайтуда зор үлес қосқаны үшін жинақтау бөлімінің бастығы Бектұрсұнов Мұхамадияр Манапұлы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Филиал ұжымы Мұхамадияр Манапұлын шын жүректен құттықтайды!