Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қадірменді Бақыт Сейсембайұлы!

2015-01-16
Қадірменді Бақыт Сейсембайұлы!
Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 60 жасқа келіп отырсыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңызда да көзіңізден от кетпесін, жүрегіңізден жылу кетпесін. Алдыңғы толқын ағалардың ізін басып, кейінгі толқын інілерді өрге сүйрей білетін сипатыңыз үлгі боларлықтай. Алдағы уақытта да игіліктер мен ізгіліктер жолындағы қадамыңызға сәттіліктер тілеймін. Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай. Ізгі тілекпен, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы