Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-01-09 күнінлені Қазақстан Республикасының құрылыс саласын реформалау бойынша семинары-мәжіліс ревизиясы

2014-11-18
Қазақстан Республикасының құрылыс саласын реформалау бойынша семинары-мәжіліс
Бүгінгі таңда Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті құрылыс саласында реформалауды жүзеге асыруда. Осыған байланысты 2014 жылғы 14 қарашада республикалық семинар-мәжіліс өткізілді. Семинарда құрылыс саласындағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 200-ден аса мамандар, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық басшылары, «Мемсараптама» РМК Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша филиалдарының басшылары мен мамандары қатысты. Семинар жұмысында 1. Б.Б.Жанузаков - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыста баға жасау орталығының директоры – Құрылыста баға жасау жүйесін реформалау; 2. А.О.Тлеуберлина – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыста баға жасау орталығының мониторинг және құрылыс ресурстарының бағасын талдау бөлімінің бастығы – Құрылыста мониторинг және құрылыс ресурстарының бағасын талдау; 3. М.С.Абаканов - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директорының 1-орынбасары – Құрылыс саласында техникалық реттеу мәселелері; 4. М.Б.Косачев – ҚР ҚТҮКШІК төрағасы орынбасарының м.а. – Мемлекеттік қабылдауды реформалау, ұтқырлығы төмен халық тобына арналған ғимараттар мен имараттардың қол жетімділігі. Мәжіліс соңында қорытынды шығарылды: Михаил Косачев - ҚР ҚТҮКШІК төрағасы орынбасарының м.а.: - Аталған заң жобасында комиссиялық қабылдау аталмаған. Нысанның ұсынылатын сызбасы құрылыс тапсырысшыларымен мемлекеттік органдардың қатысуынсыз мердігерлік техникалық және авторлық қадағалаумен бірге пайдалануға қабылдайды. Сонымен қатар, кездесуде құрылыс барысында жаңадан енгізілетін техникалық ерекшеліктер жөнінде айтылды. Қауіпсіздікке елеулі талаптар қойылады. Миркен Абаканов - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директорының 1-орынбасары: - Реформа мақсаты- европа тәжірибесін ықпалдастыра отырып, құрылыс саласында ескіріп қалған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру. Жаңа инновацияларды енгізу, барьерлерді жою, жаңа материалдарды енгізу. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанда 10-нан аса ірі компаниялар құрылыспен айналысады. Соның ішінде «Основание» ЖШС. Олар 40 жылдай еңбек етуде, көптеген көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салды. Компания басшысы Сергей Тимофеевтің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда құрылыс саласында реформа ауадай қажет. «Основание» ЖШС басшысы Сергей Тимофеев: - Нысанды пайдалануға беру барысындағы процеске қатысатын адамдар санының қысқартылатыны өте жақсы болған, бұл жұмысты жеңілдетеді және тездетеді. Сондай-ақ құрылыс сапасын арттырады. Мәжілісте сонымен қатар, құрылыс саласындағы негізгі проблемалар талқыланды, 2015 жылы жүзеге асырылатын реформалар жөнінде айтылды. Өзгерістер негізінен нысанды мемлекеттік қабылдау және техникалық реттеу процестері барысында болады. Қазақстанның құрылыс саласындағы мамандарды реформалау көптен бері қажет еді. Оның дамуына кері әсер ететін факторлар бар. Құжаттар таусылмайтын инстанцияларға бару және көптеген тексерістерден өту керектігінен уақытында ресімделмейді. Семинар мәжілісте аймақтың құрылысшылары мен Ақмола облысынан келген қонақтарды аталған салада жаңа жылдың басында болатын жаңа өзгерістермен таныстырды. Ең алдымен нысанды мемлекеттік қабылдау процесінде өзгерістер енгізіледі. Өткізілетін жұмыстармен максималды таныстыру мақсатында Комитет екі кезеңде кестеге сай апта сайын аймақ-аймақ бойынша топтау әдісі арқылы жүзеге асырады (Батыс, Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік аймақтар).