Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Аумақтық бөлімшелердің жинақтау бөлімдері қызметінің мәселелері бойынша семинар

2014-10-23

«Мемсараптама» РМК филиалдары қызметін жақсарту мақсатында 2014 жылғы 20 қазанда Астана қаласында жобалау-сметалық құжаттамамен сараптама алды жұмыстармен айналысатын тұлғалар мен басшылардың қатысуымен филиалдардың жинақтау бөлімдері жұмыстарының мәселелері бойынша мәжіліс болды. Аталған мәжіліске Ақмола облысы бойынша филиалдың қызметкері де қатысты. Мәжіліс Бас директордың бірінші орынбасары Т.Д.Карагойшин, Бас директордың орынбасары Е.Ж.Едресов, Бас директордың орынбасары Л.П.Клевчик, аппарат басшысы Т.А.Каримов, Сараптама алды жұмыс секторы басшысы М.Л.Макаровтың басшылығымен өтті. Мәжілістің негізгі мақсаты «Мемсараптама» РМК филиалдарының жинақтау бөлімдері жұмыстарының жалпы проблемаларының шешімін, оны жақсартудың әдістері мен тәсілдерін табу. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысында жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі жалғастыру мәселелері аталып өтті. Мәжіліс соңында аталған мәселелер бойынша шығарылған шешімдерді кәсіпорынның тиісті ережелеріне енгізу ұсынылды.