Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-01-11 күнінлені Баға белгілеу туралы семинар ревизиясы

2014-12-08
Баға белгілеу туралы семинар
Баға белгілеу туралы семинар
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасын үдемелі индустириялық – инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған № 958 мемлекеттік бағдарламасына сай, құрлыстағы баға белгілеу жүйесіндегі ресурстық тәсілдің енгізілуімен құрылыстың сметалық бағасын ағымдағы бағада анықтауға жүргізілетін реформа аясында семинар – жиналыстар жоспарланды. Соған байланысты, Қазақстандағы реформа аясында басталған құрылыс шеңберіндегі жүргізілетін жұмыстардың принципті негізін және бағаны белгілеу жүйесін анықтау үшін, 2014 жылдың 5 желтоқсанында «Мемсараптама» РМК-ның БҚО бойынша филиалында ҚР-ның құрылыстағы бағаны белгілеу жүйесін реформалау жөнінде семинар –жиналыс болып өтті. Семнарға облыстың үлкен өндірушілері мен жеткізушілері және «Мемсараптама» РМК-ның филиалдарының мамандары қатысты. Семинар жұмысына қатысқандар: Жанузаков Б.Б. – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы бағаны белгілеу орталығының директоры, - Құрылыстағы баға белгілеу жүйесін реформалау; Тлеуберлина А. О. - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы бағаны белгілеу орталығының мониторинг және баға анализі бөлімінің басшысы. «Мемсараптам» РМК-ның БҚО бойынша филиалының қызметкерлері: Сейтқали Б. Б. – филиал директоры; Горшков А. А: - директордың орынбасары; Кобин В.В. – өндірістік бөлімнің басшысы; Маркова Н. Г. – смета – экономикалық тобының басшысы; Стефанишина М. А. – смета – экономикалық тобының сарапшысы; Хаирова М. А. – өндірістік бөлімнің жетекші маманы (құрылыстағы баға мониторингі). Жиналыс соңында қорытындыланды: Жанузаков Б.Б. – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы бағаны белгілеу орталығының директоры - Құрылыстағы баға белгілеу жүйесін реформалау; Құрылыс матариалдары нарығының мониторингін өткізудің мақсаты Орталыққа бағалық және техникалық мәліметтерді жинау мен жеткізуді іске асыру. Осы мәліметтер негізінде тоқсан сайын Қазақстанның әр аймағына «құрылыс маиериалдары, бұйымдары және конструкциясының баға мониторингі» жинағы шығарылатын болады. Қазіргі таңда «Мемсараптама» РМК жобадағы құрылыс материалдарының көпшілігін мақұлдай алмайды, себебі құрылыс материалдары нарығы жүздеген мың атаулармен толығуда, ал қолданыстағы смета – нормативтік базада тек 12000 материалдар, бұйымдар және конструкциялар аты ғана бар. Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкциясының сметалық бағасының жинағы мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен смета – нормативтік құжат болып есептеледі.