Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Волейболдан жолдастық жарыс

2014-12-15
Волейболдан жолдастық жарыс
Волейболдан жолдастық жарыс
Волейболдан жолдастық жарыс
Волейболдан жолдастық жарыс
Волейболдан жолдастық жарыс
Волейболдан жолдастық жарыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 2014 жылғы 14 желтоқсанда Хромтау қаласының №6 мектеп-гимназиясы базасында Хромтау аудандық және қалалық әкімдіктер қызметкерлері, аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттары, Хромтау ауданының құрылыс саласындағы қызметкерлер мен «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің командалары қатысуымен волейболдан жолдастық жарыс өтті. Аталмыш спорттық шаралар ұйымдастырушысы – Хромтау ауданының Әкімдігі болды. Жарыстың ашылу рәсімін Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С.К. Шілманов және Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры С.О. Лекеров өткізіп, сөз сөйлеп, жарысқа старт берді. Жарыс айналма жүйесі бойынша өтті. Әр команда өзінің дене және спорттық даярлығын көрсетті. Жарыс қызықты және табан тірескен күреспен өтті. Командалардың жанкүйерлері мен қатысушылары жағымды эмоциялар алды. Жарыс аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылып, жарыстың жабылу рәсімі жүргізілді. Жүлделі орындарға ие болған командалар құрмет грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының командасы 1-ші орын алды. Хромтау ауданының әкімі А.Қ. Османғалиев салтанатты жабылу рәсімін жүргізіп, өзінің сөзінде жарысты дәстүрге айналдыруды ұсынды. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұйымдастырушы – Хромтау аудандық Әкімдігі атынан Әкім Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлына жоғары деңгейде өткізілген жарыс үшін алғысын білдіреді.