Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014-11-24 күнінлені Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқыл ревизиясы

2014-11-19
Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқыл
Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқыл
2014 жылғы 18 қараша күні «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы ұжымының жалпы жиналысы өткізілді. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы ұжымының талқылауы нәтижесінде келесідей шешімдер қабылданды: 1. Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын қолдау және оны филиалдың негізгі мақсаттары мен басым міндеттерін айқындайтын құжат ретінде қабылдау. 2. Біріктірілген сапа менеджментінің жүйесін жетілдіру, озық бағдарламалық қамтамасыз етуді, IT-технологияларды белсенді пайдалану, ЖСҚ электронды қабылдауды енгізу арқылы қызметтер нарығында тұрақты жағдайды қамтамасыз ету. 3. Жобаларды мемлекеттік сараптау жүйесінің тиімділігін барынша қамтамасыз ету, Алматы облысы аумағында экономиканың барлық саласындағы нысандар мен кешендердің құрылысына жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізудің сапасын арттыру 4. Елбасының Қазақстан халқы алдында қойған міндеттерді іске асыруда қызметкерлердің толық қатысуын қамтамасыз етуде, директордан бастап қатардағы қызметкерге дейін барлық филиал ұжымының кәсіпқойлық пен жауапкершілік деңгейін үнемі арттыру бойынша жұмысты жүргізуде филиалда жағдайлар жасау. 5. Филиалдың инфрақұрылымын жетілдіру және дамыту. 6. Филиалдың материалдық-техникалық базасын дамыту, қаражаттың жұмсалуына қатаң бақылау жасау; мемлекеттік мүлік пен қызметке ұқыпты қаралуды қамтамасыз ету. 7. Филиалдың кәсіпқойлық мүмкіндігін қалыптастыру мен дамытуға, филиал қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал ету. 8. Филиал қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, материалдық көмек көрсету. 9. Қаланың (аймақтың) Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, мүгедектеріне, жетім балаларына, аз қамтылған азаматтарына қолдан келерлік көмек көрсету. 10. Жемқорлық фактілері, еңбек тәртібінің бұзылуы, қызметтік міндеттердің сапасыз орындалуы мен ұжымда психологиялық жағдайдың деформациялануына қатысты табандылық пен төзімсіздік таныту.