Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014-11-19 күнінлені Мониторинг бөлімінің мамандары мен сметалық құжаттама сарапшыларымен бірге республикалық семинар ревизиясы

2014-11-02
Мониторинг бөлімінің мамандары мен сметалық құжаттама сарапшыларымен бірге республикалық семинар
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің 2014 жылға арналған Жоспарын орындау үшін, 2014 жылғы 31 қазанда Астана қаласында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің мониторинг бөлімі мамандары мен сметалық құжаттама сарапшыларымен бірге республикалық семинар өтті. Осылайша, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалынан келесілер қатысты: ӨБ смета-экономикалық топ басшысы, ӨБ бас маманы (құрылыстағы баға мониторингі) және ӨБ смета-экономикалық топ сарапшысы. Семинар «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары Т.Д. Қарағойшиннің басшылығымен өтті. Семинар өткізудің басты мақсаты ҚР құрылыстағы баға белгілеу жүйесін реформалауға байланысты өтпелі кезең мәселелері болып табылады. Бұл мәселе бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы баға белгілеу орталығы директоры Б.Б. Жанұзақов түсінік берді. Оның сөзі баға белгілеу жүйесін реформалау жөнінде талқыға айналып, аумақтық бөлімшелердің сметашы-сарапшыларының ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді. Бұдан басқа, қатысушылар алдында мониторинг бөлімінің бастығы С.Н. Тлегенов және әдіснама бөлімінің сарапшысы Е.А. Рихтер сөз етті. Сонымен қатар семинар қатысушыларымен баға мониторингі жұмысы және сметалық құжаттамасы мен құрылыс жобаларының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері бөлігінде «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сараптама қорытындыларын әзірлеу кезінде кездесетін бұзушылықтар мен ақаулықтар мәселелері талқыланды.