Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ИСО МС 9004:2009 ұсыныстарына сай ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесін қолдау және жетілдіру

2014-10-26
ИСО МС 9004:2009 ұсыныстарына сай ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесін қолдау және жетілдіру
ИСО МС 9004:2009 ұсыныстарына сай ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесін қолдау және жетілдіру
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің 2014 жылға арналған Жоспарын орындау үшін, жинақтау бөлімі басшысы (БМЖ-ға жауапты) Е.Ә. Өмірзақов 2014 жылғы 20-22 қазанда Алматы қаласында «Қазақстандық Сапаны ұйымдастыру» ЖШС-нің кеңесшісі С.Б. Шоқаева ұйымдастырып өткізген «ИСО МС 9004:2009 ұсыныстарына сай ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесін қолдау және жетілдіру» тақырыбындағы жоспар-семинарға қатысты. Аталмыш жоспар-семинарды өткізудің негізгі мақсаты мамандардың біліктілігін арттыру, ұйымдастырудың сапа менеджмент жүйесін қолдау және жетілдіру болып табылды. ИСО 9004-ті «Сапа менеджменті және сапаны қамтамасыз ету» ИСО/ТК 176 Техникалық комитеттің Комитет жанындағы «Сапа жүйесі» ДК2 әзірледі. Осы үшінші басылым техникалық жағынан қайта қаралған екінші басылымның (ИСО 9004-2000) күшін жойғызады және орнын басады. Осы халықаралық стандарт ұйымдастырудың негізгі көрсеткіштерін жүйелі түрде және үнемі жетілдірудің басты нұсқауларын ұсына отырып, тиісті мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін қарастыратындықтан, ИСО 9001 қарағанда, сапа менеджментке кеңінен қарайды. Бұл халықаралық стандарт тұрақты жетістікке қол жетуге мүмкіндік беретін сапа менеджменті тәсілі негізінде ұйымдарға басты нұсқаулықтар ұсынады. Жоспар-семинар оқу аяқталып, практикалық сабақтарға белсенді қатысып, емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін тыңдаушыларға куәліктер берілді.