Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жинақтау бөлімдерінің жұмысы мәселелері жөніндегі кеңес

2014-10-23
Жинақтау бөлімдерінің жұмысы мәселелері жөніндегі кеңес
«Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметін жетілдіру мақсатында, 2014 жылғы 20 қазанда Астана қаласында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы жинақтау бөлімінің жетекші маманы – А.Г. Хусаинов қатысқан басшылар мен жобалау-сметалық құжаттамасының сараптама алды жұмысымен айналысатын тұлғалардың қатысуымен жинақтау бөлімдерінің жұмысы мәселелері жөніндегі кеңес өтті. Кеңес бас директордың бірінші орынбасары Т.Д. Қарағойшин, бас директордың орынбасары Е.Ж. Едресов, бас директордың орынбасары Л.П. Клевчик, аппарат басшысы Т.А. Каримов, сараптама алды жұмысы секторының басшысы М.Л. Макарованың басшылығымен өтті. Кеңес өткізудің басты мақсаты «Мемсараптама» РМК филиалдарының жинақтау бөлімдері жұмысының жалпы мәселелерін шешу, оларды жетілдірудің тәсілдерін қарастыру. Сонымен қатар, филиалдардың сараптама алды қызметінің ағымдағы мәселелерін қарастыру, оларды шешудің тетіктері және алдағы уақытта кәсіпорын жұмысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын өткізу. Кеңес нәтижелері бойынша қатысушыларға филиалдардың жинақтау бөлімдерінің бас кәсіпорынмен келісіп жұмыс істеу үшін аталмыш мәселелердің шешімдерін тиісті кәсіпорын ережесіне енгізу ұсынылды.