Атырау қаласына кіре берісіндегі аэропорт трассасының автокөлік түйіні түбінде «Гүл сағаты» пайда болды. Бұл ландшафттық дизайнның біртума шығармасы жергілікті бюджетке 20 млн.теңгеге түсті. Қаражат облыстық орталықты көріктендіру шегіндегі бағдарлама бойынша бөлінген. Тапсырысшы: Атырау қалалық құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автокөлік жолдары бөлімі.
«Ерасыл Құрылыс KZ» ЖШС-нің өкілі Асқар Шахаевтың айтуынша, «Гүл сағаты» комплексіне бетондық негізі, металлқұрылымы, тілі бар сағат механизмі және GPS навигациясының спутникалық жүйесі кіреді. Шынында, сағат механизмі 7,5 млн.теңгеге түсті. Оны Украин зауытына тапсырыс беріп жасатқан.
Сағат габариті – 7,1х8,5 м, сағат тілінің ұзындығы – 2,4 м, минут тілі – 2,8 м. Механизм салмағы шамамен 150 кг, ал әрбір тілдің салмағы – 30 кг.
Эллипс ортасындағы жасыл көк алаң, үстінде 700 сары жасанды гүлдер орналасқан жасанды гүлзардан құралған. Ал айналасына 2000-ға жуық әр түрлі петунья гүлдері отырғызылады.
Айбынды механизмді металл тіреушке бекітілген 5 тонналық құрылымға ұстатқан. Ол -/+500 қызуғада төзеді. Өндіруші зауыт 2 жыл кепілдік берді.
Бетондық құрылымның ішінде – кішкентай техникалық бөлме, суару жүйесі, есептеуіш, GPS блогы орналасқан. Сағат электр тоғымен жұмыс жасайтын болады.
Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары «Гүл сағатының» айналасында суретке түсу үшін, алдағы уақытта аймағына төсемтас, баспалдақ салынатынын айтты Асқар Шахаев.
Бұл жаңалықты 18 шілдеде іске қосады. Атырау қаласынан басқа мұндай сағат Астана және Алматы қалаларында бар екенін айта кетерлік.
Батыс бизнесмендерінің мынадай сөзі бар: уақыт деген – ақша, секунда деген доллар.