Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ЖСҚ-ны электронды қабылдау бойынша семинар

2014-07-26
ЖСҚ-ны электронды қабылдау бойынша семинар
ЖСҚ-ны электронды қабылдау бойынша семинар
ЖСҚ-ны электронды қабылдау бойынша семинар

Ағымдағы жылғы 26 шілдеде «Мемсараптама» РМК-нің Астана қаласындағы филиалында жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы құжаттарды және жобалау-сметалық құжаттамаларды электронды жүйе www.epsd.kz порталы арқылы қабылдау бойынша семинар өткізілді.
Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік қызметтер атқару өтінімдерін «жеке кабинет» порталы арқылы электронды нұсқада беру ұсынылатыны түсіндірілді. Әлемтор-порталы арқылы жұмыс істеу үшін тіркелуден өту және электронды нұсқада ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптармен танысу қажет. Аталған талаптар әлемтор-порталының бастапқы бетінде орналасқан.
Пікір алмасулар болды. Мәселені талқылау барысында «Мемсараптама» РМК-нің өкілдері: әдістемелік қамтамсыз ету бөлімінің бастығы Е.Б. Ақанов, ақпараттық қамтамсыз ету бөлімінің бастығы А. Марденов, ақпараттық қамтамсыз ету бөлімінің бас маманы А. Дымбаев сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар, «Мемсараптама» РМК-да жоғарыда аталған электронды қызметтерді көрсету жобалау-сметалық құжаттамаларды қарауға беру мерзімдерін барынша қысқартатынын, сондай-ақ өтінім берушіге өз еркімен, қашықтықтан мемлекеттік сараптаманың жүргізілу барысын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Электронды нұсқада ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қажетті бастапқы құжаттардың-рұқсат берілетін құжаттардың тізімдемесін, порталмен жұмыс істеу нұсқаулығын және басқа да ақпаратты «Мемсараптама» РМК-нің ресми сайтынан табуға болады (www.gosexpertiza.kz).