Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Жылу және бумен жабдықтау жүйелерінің сызбаларын, электрондық моделдерін жасау үшін геоақпараттық технологиялар. Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде инженерлік есепті сараптау» тақырыбындағы семинар

2014-07-24

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен құрылыстар тобының сарапшысы С.Р. Куздибаева «Политерм» ЖШҚ-сы 2014 жылғы 14-18 шілде аралығында РФ, Санкт-Петербург қаласында «Жылу және бумен жабдықтау жүйелерінің сызбаларын, электрондық моделдерін жасау үшін геоақпараттық технологиялар. Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде инженерлік есепті сараптау» тақырыбына ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты.
Семинар техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Г.Г.Крицкий және инженер-консультант Р.А. Жуков басшылығымен өтті.
Семинар өткізудің басты мақсаты – әзірлеушісі «Политерм» ЖШҚ болып табылатын «ZuluThermo» компьютерлік ақпараттық жүйесін оқу.
Бағдарлама мақсатына жұмыс жобалардағы сыртқы жылу желілерінің инженерлік есептеріне сараптама жүргізуге мүмкіндік беретін «ZuluThermo» бағдарламалық-есептік кешені арқылы Zulu ГАЖ қорында жылу жүйелерінің есебін жүргізу жатады.
Оқу соңында әр сарапшы «ZuluThermo» көмегімен осыдан бұрын сараптаманың оң қорытындысы берілген нысанда қабылданған инженерлік шешімдердің жөнділігін тексерді.
Семинар нәтижесі бойынша бақылау жұмысы жүргізіліп, қатысушыларға семинар өту жөніндегі куәліктер берілді.