Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайындағы дәріс-сұхбат

2014-07-12
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайындағы дәріс-сұхбат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайындағы дәріс-сұхбат

2014 жылғы 11 шілдеде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында «Нұр Отан» партиясының филиалы келіскен 2014 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс шаралар Жоспары шеңберінде Ақтөбе облысының прокуратура органдары қызметкерлері Ақтөбе қаласының прокурордың аға көмекшісі Кожиков Жігер Селбайұлы қатысумен филиал қызметкерлеріне дөңгелек үстел тәртібінде дәріс-сұхбат ұйымдастырылып өткізілді.
Дәріс барысында Ақтөбе қаласы прокурорының аға көмекшісі Ж.С.Кожиков жемқорлық ұғымы, оның қайнар көздері, түрлері жөнінде сөз етіп, Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы мәселелер қозғалтты. Ж.С. Кожиков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сай, «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысына сәйкес барлығы жемқорлыққа кедергі жасайтын шаралар қолдану тиіс екенін түсіндірді. Бұл ретте, жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елімізде әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беріп, азаматтардың және жалпы қоғамның құқығын, бостандығын, құқықтық мүдделерін қылмыстық әрекеттерден қорғау деңгейін көтереді.
Әңгіме үдерісінде филиал қызметкерлері өзін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға түбегейлі жауаптар алған, осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жең ұшын беретін тұлғалардың дербес құқықтығына кепілдік беру жөніндегі сұрағына дәріскер жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не жемқорлыққа қарсы күресте көмегін көрсеткен тұлға мемлекет қорғауына алынады, және азаматтарды мадақтау да қарастырылған. Сонымен қатар, өзге елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде салыстырмалы мысалдар келтірілді.
Сөз соңында дәріскер қорытынды жүргізіп, жемқорлықтың дамуына жол бермейтін әрекетті шараларын өткізу бойынша мемлекет пен қоғамның жүйелік жұмысын одан әрі жүргізу қажеттілігі жөнінде түсінік берді.
Сөйтіп, бүгінгі таңда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті шаралар қолдануда деп айтуға болады.