Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»

2014-06-09
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
2014 жылғы 9 маусымда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс шара өтті. Іс шарада Тәуелсіз Қазақстанның халыққа жағдай жасау үшін мақсаттарға жету жолындағы алғашқы қадамдары жайында бейне ролик көрсетілді. Жаңа мемлекеттің алғашқы қадамдарына өзінің жеке туы, елтаңбасы және әнұраны болуында екені мәлім. Қазақстанның алғашқы мемлекеттік рәміздерін жарыққа шығару бүкілхалықтық сипат алды. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға жауап бере алатындай жасалынып қана қоймай, сонымен қатар тарих, саясат, экономикалық бейнеде көрсетілуі керек. Филиалдың жетекші маманы (аудармашы) ҚР мемлекеттік рәміздері, қазақ халқының мифологиясы мен дүниетанымы жағынан рәміздерді пайымдау туралы, олардың әр қайсысына түсінік беріп, баяндағаннан кейін, қызметкерлерге карточкаларда көрсетілген еліміздің тарихи күндері мен оқиғаларын тауып, бір-бірімен байланыстыруды қажет еткен тапсырма берілді. Осылайша, филиал қызметкерлері тапсырма орындап, ақпарат алысып, талқылау жүргізіп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.