2014 жылдың 30-шы мамырында филиал қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының нормаларын талқылау» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды талқылау және түсіндіру бойынша дәріс жүргізуге қатысуға «Нұр ОТАН» партиясының АҚФ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету қоғамдық кеңесінің жетекшісі – Қазақстан Республикасы президенті жанындағы КСЗИ бас ғылым маманы, тарихи ғылымдар докторы – Каратаева Леся Роллановна шақырылды.
Дәріс барысында, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі маңызды тақырыптарының бірі ретінде қарастырылатыны және бүгінгі таңда барлық мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлер ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес өз құзіреті аясында сыбайлас жемқорлықпен күресуі міндетті екендігі айтылып өтті.