Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау сапасын арттыру жөніндегі семинар-кеңес

2014-06-03
Жобалау сапасын арттыру жөніндегі семинар-кеңес
ҚР ӨДМ Құрылыс және ТҮШ істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау мен жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйелерінің өзара әрекеттесудің тәсімін жасау жөніндегі 2013 жылғы 28 наурыздағы №1 Хаттама тапсырмасын және «Мемсараптама» РМК өткізген «2014 жылғы ІІ тоқсанның қызмет нәтижелері және 2014 жылға қойылған міндеттер» республикалық кеңестің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама шешімін орындау үшін, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Ақтөбе облысының Әкімдігімен бірге а.ж. 30 мамырда келесі күн тәртібімен семинар-кеңес өткізді: 1. «Жобалау құжаттаманың құрамы, оны әзірлеу, келісу, бекіту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әрекет ететін ҚР заңнама мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау және жобалау сапасын арттыру». 2. «Мемлекеттік сараптамаға ұсынар кезде жобалау мекемелері жіберген мемлекеттік норматив талаптарынан ауытқушылықтар мен бұзушылықтар». 3. «ҚР құрылысында «Құрылыс және қала құрылыс аумақтарды жоспарлау нысандарын жауапкершілік деңгейіне жатқызу» 1.02-04-2013 Басқарушы құжатын бекіту туралы» ҚР ҚБҚ 1.02-04-2013 ж. жаңа редакциямен 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №242, 2014 жылғы 06 қаңтардағы №2-НҚ енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, ҚР ӨДМ Құрылыс және ТҮШ істері комитетінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №180-НҚ Бұйрығын орындауда». Семинар-кеңеске қатысқандар: Ақтөбе облысы Әкімінің орынбасары Р.К.Кемалова, Ақтөбе қаласы Әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімов, Ақтөбе облысының МСҚБжЛД-нің басшысы Б.А.Пірімбетов, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры С.О. Лекеров, облыстық құрылыс және ТҮШ басқармаларының басшылары, Ақтөбе облысының аудандық Әкімдерінің орынбасарлары, құрылыс, ТҮШ, экономика және бюджеттік жоспарлаудың аудандық және қалалық бөлімдерінің басшылары. Семинар-кеңесті Ақтөбе облысының Әкім орынбасары Р.К.Кемалова ашты. Ол өз сөзінде барлық мемлекеттік мекемелерде (бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері, тапсырысшылар) жобалау құжаттаманың құрамы, оны әзірлеу, келісу, бекіту кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әрекет ететін ҚР заңнама мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қатаң сақтау және жобалау сапасын арттыру, аталмыш мемлекеттік мекемелерге маман таңдау барысында кадр мәселесін шешудегі жұмысты нығайту қажеттілігіне көңіл аударды. Сонымен қатар, кеңесте: «Кейбір мемлекеттік нормативтер мен бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР құрылысында «Құрылыс және қала құрылыс аумақтарды жоспарлау нысандарын жауапкершілік деңгейіне жатқызу» 1.02-04-2013 Басқарушы құжатын бекіту туралы» ҚР ҚБҚ 1.02-04-2013 ж. жаңа редакциямен 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №242, 2014 жылғы 06 қаңтардағы №2-НҚ енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, ҚР ӨДМ Құрылыс және ТҮШ істері комитетінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №180-НҚ Бұйрығын орындауда» Б.А. Пірімбетов, мемлекеттік сараптамаға құжаттама ұсынғанда жиі жіберілетін бұзушылықтар мен ауытқушылықтар туралы, сараптау қызметін реформалау, соның ішінде ашықтық пен айқындық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нысандар мен кешендерге жоба алды және жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық түрде қабылдау жүйесін ендіру туралы аналитикалық ақпаратымен С.О. Лекеров сөз етті. Семинар-кеңестің екінші бөлігі сұрақ-жауап түрінде өтіп, мемсараптама мен МСҚБжЛД-нің басшылары мен мамандары өз құзыреттілігі аясында кеңес қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді. Семинар-кеңесті Ақтөбе облысы Әкімінің орынбасары Р.К.Кемалова нәтижелеп, мемлекеттік мекемелер өкілдеріне мемсараптаманың және сәулет-құрылыс бақылаудың талаптары мен ескертпелерін уақытында орындау қажеттілігі, сонымен қатар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылаудың, жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау және Ақтөбе облысының мемлекеттік органдар жүйелерінің алдағы уақытта өзара әрекеттесуін жалғастыру жөнінде сөз етті.