Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құжаттама құрастыру, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

2014-06-01
Құжаттама құрастыру, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне 2014 жылға арналған біліктілікті көтеру жоспары шеңберінде филиалдың жетекші маманы (аудармашы) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Аударма және мемлекеттік тілді оқыту орталығы 26-30 мамыр аралығында Астана қаласында ұйымдастырып, өткізген «Құжаттама құрастыру, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбындағы семинар-курсына қатысты. Курс қатысушыларының тіл білу деңгейін анықтау мақсатында семинар-курс алдында тестілеу жүргізіліп, осыған қатысты дәріс пен тапсырмалар таңдап алынған. Оқу барысында күрделі сөздер мен сөйлемдерді аудару мүмкіндіктері мен қиындық туғызатын аудармаларды жасау жолдары қаралып, аударма қателері талқыланды. Оқудың негізгі әдісі – тәжірибе, құрылыс саласында нормативтік құжаттар мәтінін аудару, шешендік өнерге үйрену жұмыстары болып табылады, сонымен қатар дәріс оқушылар өздігінен аударма ісіне үйрену үшін әдіснамалық құралдар таратты. Бес күндік оқу курсы аяқталумен, біліктілікті көтеру курсына қатысқандарына Сертификаттар берілді. Курс ұйымдастырушыларына тіл білімі және аударма саласында білікті мамандардан білім алу мүмкіндігі үшін мың да бір алғыс білдіреміз!