Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы облысының тапсырысшылары мен жобалау ұйымдары үшін техникалық оқыту

2014-04-11
Алматы облысының тапсырысшылары мен жобалау ұйымдары үшін техникалық оқыту
Алматы облысының тапсырысшылары мен жобалау ұйымдары үшін техникалық оқыту
Алматы облысының тапсырысшылары мен жобалау ұйымдары үшін техникалық оқыту
Сараптамалық қызметті реформалау аясында, сондай-ақ ашықтылық пен айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 1 сәуірден бастап жобаларды мемлекетік сараптауда нысандар мен кешендер құрылысына жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларды электронды түрде қабылдау жүйесі енгізілді. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы 2014 жылғы 11 сәуір күні тапсырысшылар мен жобалау ұйымдары үшін ЖСҚ электронды түрде қабылдау бойынша кезекті техникалық сабақ өткізді. ЖСҚ электронды түрде қабылдау жобасын жүзеге асыру үшін «Мемсараптама» РМК және филиалдарда, ортақ электронды мәліметтер базасының орнатылуымен, жобалау құжаттамасын мемлекеттік сараптамаға тапсыру басырында мәлімдеушімен интерактивті әрекеттестік ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді. «Мемсараптама» РМК аталған электроды қызметтің жүзеге асырылуы жобалау-сметалық құжаттамасын қарауға ұсыну мерзімін қысқартады, сондай-ақ мәлімдеушінің мемлекеттік сараптама жүргізудің барысын өздігінен, дистанциялы бақылауына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік міндеттің ұсынылуына өтініш беру www.epsd.kz порталының «жеке кабинеті» арқылы электронды түрде жүзеге асырылады. Интернет-порталмен жұмыс жасау үшін тіркеуден өтіп, электронды түрде ұсынылатын құжаттама талаптарымен танысу қажет. Аталған талаптар интернет-порталдың басқы бетінде орналастырылған. Электронды форматта құжаттарды тапсыру талаптары, сондай-ақ қажетті бастапқы-рұқсат құжаттарының тізбесі, портамен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар және өзге де ақпараттармен «Мемсараптама» РМК ресми сайтында (www.gosexpertiza.kz) танысуға болады.