Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларын түсіндіруге арналған дәріс

2014-04-11

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асырудағы «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының 2014 жылға арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылғы 11 сәуір күні филиал әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларын түсіндіруге арналған дәріс өткізілді. Дәрісті Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын-алу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға инспекторы, қаржы полициясының капитаны Бекбосынова Алтай Оразқызы оқыды. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы қызметкерлеріне осы саладағы қолданыста бар заңнама нормаларына енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыру жүргізілді. Дәріс оқушы жемқорлықтың негізгі ұғымдарын ашып өтті, мемлекеттік және лауазымды тұлғаларға анықтама берді, жемқорлыққа қатысты әшкерленген құқық бұзушылық пен қылмыстардың статистикалық мәліметтері, сондай-ақ өткен жылмен салыстырылған тексерістер мен тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы ақпараттарды келтірді. Жемқорлықпен күрес және оның алдын-алу мәселелерімен қатар, мемлекеттік сарапшылардың ар-намыс Кодексімен белгіленген, «Мемсараптама» РМК жүйесі қызметкерлері тәртіптерінің негізгі стандарттары талқыланды.