Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Металл қаңқалы ғимараттарды жобалау және олардың құрылысы» тақырыбындағы семинар

2014-04-07
«Металл қаңқалы ғимараттарды жобалау және олардың құрылысы» тақырыбындағы семинар
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімнің құрылымдық тобының сарапшысы «ПРОГРЕСС» ҒТАО 2014 жылғы 1-5 сәуір аралығында РФ, Санкт-Петербург қаласында «Металл қаңқалы ғимараттарды жобалау және олардың құрылысы» тақырыбы бойынша ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Шолу дәрістерін: Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің жетекші инженері – Берман Ю.Б., «Құрылыс сараптау зертханасы» ЖШҚ-нің инденер-сарапшысы, техникалық қадағалау бас инженері – Доренап А.Ф., Санкт-Петербург политехникалық университеті кафедрасының доценті, т.ғ.к. – Гравит М.В. өткізді. Семинар бағдарламасына енгізілген тақырыптар келесі: - құрыш қаңқалар элементтерін ұтымды жобалау; - жобалау шешімдерін экономикалық бағалау; - жобалау мекемелерінің бақылау органдарымен ара қатынасы (сараптама, Ресейлік техникалық қадағалау); - құрыш құрылымдарды жасап, оларды монтаждау және тексеру; - Металл құрылымдарды өрттен қорғау. Семинар ұйымдастырушылары Санкт-Петербург қаласына, Исаакий соборына арнайы саяхат өткізіп, собор құрылысының тарихын, іргетастарының сызбаларын және металл құрылымдарын, жабынын көрсетті, жертөле бөлігіне апарды. Сонымен қатар, салынып жатқан жеңілдетілген металл құрылымдарынан жасалған трансформаторлық қосалқы бекетіне саяхат ұйымдастырды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларына біліктілігін арттыру туралы куәлік берілді.