Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС

2014-02-27
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС
2014 ж. 14 ақпан күні ШҚО әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Х. Текешовтың, ШҚО құрылыс басқармасының басшысы, ШҚО бойынша МСҚБ ж Л департаментінің директоры, «Мемсараптама» РМК ШҚО бойынша және Семей қаласындағы филиалдарының директорлары, энергетика және ТКШ, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық құрылыс бөлімдерінің басшылары, «ТҚЖБ» АҚ, «ҚазНИИСА» АҚ, «Қазақэнергосараптама» АҚ, «Қазақсуарнажоба» АҚ филиалдарының және жобалау мекемелері директорларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте «Қол жетімді баспана-2020» және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, «Ақ бұлақ», «ТКШ жаңғырту», «Энергия үнемдеу 2020» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асу барысы және жобалау, типтік жобаларды қолдану мәселелері қаралды.