Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сорғы, бекіткіш-реттеуші, су тазарту, кәріз жүйесін тазарту жабдығын қолдану мәселелері жөніндегі кеңес

2014-02-04
Сорғы, бекіткіш-реттеуші, су тазарту, кәріз жүйесін тазарту жабдығын қолдану мәселелері жөніндегі кеңес
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші маманы Д.А.Бойченко ҚР Өңірлік даму министрлігінің құрылыс және ТҮШ істері Комитеті 2014 жылғы 29-30 қаңтар аралығында өткізген тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде сорғы, бекіткіш-реттеуші, су тазарту, кәріз тазарту жабдығын қолдану мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңес барысында полиэтилен құбырларының сапасын бақылау, тігілген полиэтиленнен жасалған жоғары қызулы арматураланған полимерлік құбырларды қолданумен ҚР жылу желілік шаруашылығын жаңғырту жайында мәселелер қозғалды. Тәуелсіз сараптама мекемесі сапа, энергия тиімділігі, жабын кепілдігі, ұсынылатын қызметтер сапасы жолында сорғы жабдығы бойынша ұсынған өлшемдер қарастырылған болатын. Сапа, тоттануға қарсы қорғау, жабын кепілдігі, пайдалану мерзімі жолындағы өлшемдер әзірленген. Қосымша су қорларын пайдалану қажеттілігі жөнінде мәселе қозғалды. Мәселелерді талқылау нәтижесінде Ақмола облысының жылу желілерінде полимерлік құбырларды қолданумен пилот жобасын ендіруге ұсыныс берілді. Жылу желілерін жобалауға қолданатын әрекеттегі нормативтік құжаттарына бұндай материал түрі қарастырылмаған. Нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу сол құбырды пилот жобасы арқылы тексеруден кейін ғана мүмкін, сонымен қатар, құбырлардың экономикалық және пайдалану құрамдас бөлігі, оны қолданудың мақсатқа сәйкестігі де ескеріледі. Құбырды жүргізу барысында темір бетон конструкцияларын (жылу камералары мен іске қосу торабынан бөгде), П-түрлі компенсаторлар, жылжымайтын тіреуіштер құрылғысын қолдану керек емес. Кеңесті Құрылыс және ТҮШ істері комитетінің төрағасы В.Г.Галиев басшылық етті.