Біліктілікті жоғарылату аясында 2013 жылдың 19-нан 23-ші тамызы аралығында «Мемсараптама» РМК-ның СҚО бойынша филиалының сәулет-құрылымдау секторының жетекшісі Пирожникова Л.М. Бас кәсіпорынның кеңсесінде өткен «ЛИРА-САПР» бағдарламалық кешенін практикалық қолдану бойынша курсқа қатысты. Курстың бағдарламасы: Бастаушы қолданушылар үшін «ЛИРА-САПР» БК пайдаланумен ғимараттар мен құрылыстарды есептеу. Оқыту курсын «Лира сервис» ЖСҚ жетекші инженері – Гасанов Амар Амрович жүргізді.
Оқыту барысында мамандар курсты толық ауқымда меңгерді және курс аяқталғаннан кейін сертификаттар тапсырылды.