Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Техникалық кеңес Ақ булақ

2013-07-26
Техникалық кеңес Ақ булақ
2011жыл мамырдың 24 күнгі №570 Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен, 2011-2020 жылға екі кезеңнен таратылуы тиіс «Ақ- бұлақ» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға сай ауыз су сапасы кепілдірілген және жеткілікті көлемде сумен жабдықтаудың бұдан былай өркендеуі.2011-2015 жылдарға «Ақ-бұлақ» бағдарламасының 1 кезеңі бойынша Алматы облысына 350 нысанмен жұмыс жүргізу енгізіліп отыр, қажеттілігі 55 млрд.теңге құрайды. Қорытындысында судың берілу сапасы 275 ауылдық аймақтарда, 2015 жылға сумен жабдықтау 74 % орталықты қамтиды. Бүгінгі күні 770 ауылдық аймақ облыстары сумен жабдықтау орталықтарымен қамтамасыз етілген, 527 ауылдық аймақ (68,4), 234 (30,4 %) орталықтандырылмаған және 9 ауылдық аймақ (1,2 %) тасымал сумен қамтамасыз етілген. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы филиалы бойынша 2013 жыл шілденің 26 күні 2010-2020 жыларға «Ақ-бұлақ» бағдарламасына қатысы бар жобалаушы ұйымдар мен тапсырысшылар арасында техникалық сабақ өткізді.Техникалық сабаққа қатысушылар- «Ақ-бұлақ» бағдарламасына қатысы бар жобалаушы ұйымдар мен тапсырысшылардың басшылары мен бас инженерлері. Мақсаты- жобалау сапасын жоғарлату, инженерлік инфраструктура нысандарының құрылысы және сараптау.Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс істері бойынша Комитетінің басшылығымен 2010-2020 жылдарға «Ақ- бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын таратуды бақылауға алып, «Мемсараптама» РМК Алматы облысы филиалы бойынша директоры Н.Н.Шымбаев алғы сөзімен жиналғандарға сөз сөйледі.2010-2020 жылдарға «Ақ- бұлақ» бағдарламасын таратуда энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ауыз сумен жабдықтау бөлімінің бастығы С. Онғарбаев баяндамамен сөз сөйледі. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы филиалы бойынша өндіріс бөлімі бастығының орынбасары М.М.Бектұрсынов техникалық оқыту барысында маңызды ақпараттар жөнінде және тапсырылып жатқан жобалау-сметалық құжаттардың толығымен тапсыру жайында сөз сөйледі. «Кейбір жобалау ұйымдарының ұстану сұрақтарымен құрал-сайман сапаларын салыстырмалы түрде 2010-2020 жылдарға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сай болуы» тақырыбында РМК «Мемсарпатама » Алматы облысы филилы бойынша А. Атагуллаев баяндама жасады. Техникалық оқытудың соңында «Завод Металл Профиль» ЖШС өз өнімдерін алғаш рет ұсынды.