2013жылғы қыркүйектің 11-13 аралығында Астана қаласында «ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджменттің жүйесі. Ішкі аудитор» оқыту семинары өткізілді. Онда «Мемсараптама» РМК және оның филиалдарының МИЖ бойынша жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында энергетикалық менеджмент жүйесін дайындау, енгізу және жетілдіру, сондай-ақ ИСО 19011-2011 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде ішкі аудитті ұйымдастыру принципі мен өткізу әдістемесі мәселелері қаралды.
Семинарда алған мәліметтер «Мемсараптама» РМК және оның филиалдарында энергетикалық менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.