Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Түрлі қолданыстағы құбырлардың және олардың элементтерінің беріктігі мен қаттылығын есептеу бағдарламалары» атты семинар

2013-11-11
«Түрлі қолданыстағы құбырлардың және олардың элементтерінің беріктігі мен қаттылығын есептеу бағдарламалары» атты семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2011-2013 жылдары қызметін жетілдірудің іс шаралары шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес, «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларына Астана қаласында қазіргі бағдарламалық кешендерге оқыту семинарлары ұйымдастырылып жүргізілуде. Семинарлар мақсаты мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдау және жобалау саласында қазіргі бағдарламалық кешендерімен жұмыс жасай білу болып табылады. Осылайша, 2013 жылғы қарашаның 5-нен бастап 8-не дейін «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорнында «Түрлі қолданыстағы құбырлардың және олардың элементтерінің беріктігі мен қаттылығын есептеу бағдарламалары» тақырыбына семинар өтіп, оған «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы өндірістік бөлімінің инженерлік желілер мен құрылыстар секторының бас маманы С.Р.Көздібаева қатысты. Семинарда келесі тақырыптар талқыланды: - «Құбырдың есептік үлгісі және оның қолданысы»; - «Тіреулердің жұмысын үлгілеу»; - «Теңгергіш жұмысын үлгілеу»; - «Т-формалы қосындылар (ойымдар, құбыр жүйесінің бөлімдері)»; - «Беріктікті бағалау нормалары мен жабдыққа түсетін салмақ»; - «Нәтижелерді талдау және түсіндіру»; - «ППУ-оқшаулауы бар инженерлік желілердің жаңа құрылыстарын қолдану жолы». Сонымен қатар, семинар қатысыушыларына ПС «Старт» бағдарламалары таныстырылды: Старт-DXF; Старт-компас; Старт-Лайт; Старт-Проф; Старт-Экспресс. Семинар нәтижелері бойынша практикалық жұмыстар жүргізіліп, тиісті куәліктер берілді.