Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2013-12-06 күнінлені «Жазбаша аударма техникасы» біліктілікті көтеру курсы ревизиясы

2013-11-18
«Жазбаша аударма техникасы» біліктілікті көтеру курсы
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің 2013 жылға арналған Жоспарын орындау үшін, өндірістік бөлімнің жетекші маманы (аудармашы) А.М.Иманбаева 2013 жылғы қараша айының 11-нен 15-не дейінгі мерзімде Алматы қаласында «KAZGOR» Жобалау академиясы ұйымдастырып, өткізген мемлекеттік тілдің аудармашы-мамандарына арналған «Жазбаша аударма техникасы» атты біліктілікті көтеру курсын өтті. Оқудың негізгі мақсаты – аудармашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау және аударма кезінде жиі мәселе туғызатын аудармаларды жасау жолдарын табуға үйрету болып табылады. Курсты «KAZGOR» Жобалау академиясының кәсіби жазбаша аударма саласындағы жетекші маманы Иса Гүлфайруз өткізді. Оқу барысында күрделі сөздер мен сөйлемдерді аудару мүмкіндіктері мен қиындық туғызатын аудармаларды жасау жолдары қарастырылып, аударма қателері талқыланды. Сонымен қатар, курс қатысушыларына қаладағы жарнамалық ақпараттандыру орындарында мәтіннің мемлекеттік тілге аудармалары дұрыс емес орындарын тауып, оларға арыз хатын жазу арқылы түзетттіру тапсырыс берілді. Бес күндік оқу курсы аяқталумен, А.М.Иманбаеваға біліктілікті көтеру курсына қатысқаны үшін Сертификат берілді. Курс ұйымдастырушыларына аударма саласында зор тәжірибелік жұмыс өтілі бар жетекші маманынан білім алу мүмкіндігі үшін мың да бір алғыс білдіреміз!