Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спорт күні

2013-08-19
Спорт күні
Жыл сайын Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісі дене шынықтыру мәдениеті жұмыскерлерінің кәсіптік күні болып атап өтіледі. 15-18 тамыз аралығында спорт күніне арналып Астанада бірнеше ауқымды көпшілік іс-шаралар жүргізілді. Астананың спорттық алаңдарында мини-футболдан, бараларға және ата-аналарға арналған «Веселые старты» жарыстары, спортсмендердің көрсеткіш орындаулары, спорттың су түрлерінің қалалық біріншілігінің ашылуы, теннис бойынша әуестенушілер жарысы, ашық алаңда баскетболдан әуестік лига финалдары өткізілді. Астана тұрғындары және қонақтары ашық есіктер күні шегінде қаланың спорттық объектерін аралады. Астанадағы негізгі іс-шаралар 17 тамызда «Байтерек» манументі алдындағы алаңда өтті. 18 тамызда «Дәулет» спорт кешенінде атақты спортсмендер басқаруымен тікелей эфирде спорттық сергу жаттығулары өтті, оған 2 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде РМК «Госэкспертиза» қызметкерлері де болды