18-22 қараша күндері Семей қаласындағы жаңа заман тарихын құжаттандыру орталығының ұйымдастыруымен іс қағаздарын жүргізу және ведомствалық мұрағат қызметкерлеріне арналған біліктілікті көтеру курсы өтті. Аталмыш семинарға «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының сараптамалық құжат айналым секторының жетекші маманы Бапанова Ә.Б. қатысты.
Семинар барысында мекемелерде іс қағаздарын жүргізу, мұрағат ісін жүргізу, құжаттармен жұмыс істеу технологиясы, мұрағатпен жұмыс және тағы басқа мәселелер қаралды.
Семинарға қатысушыларға әдістемелік материалдар ұсынылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.