2013 жылғы қарашының 04–08-і аралығында Алматы қаласында өткен мемлекеттік тіл аудармашыларына арналған «Жазбаша аударма техникасы» біліктілік көтеру курсының «Аударма мәтінін бейімдеу және кәсіби терминология» модуліне «Мемсараптама» РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалының аудармашысы қатысып қайтты. Бір апталық семинарда аудармашы біліктілігін көтеріп сертификатпен оралды.