Біздің елімізде халықтың талап-тілегімен Құрбан айт мемлекеттік мереке болып сән-салтанат құрып отыр. «Мемсараптама» РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалының қызметкерлері де бұл Ұлы мерекеден қалыс қала қоймады, түскі үзілісте ұжымда айт мерекесіне арналып дастархан жайылып, айт шәйі ішіліп мереке аталып өтті.
Еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігіне шақыратын бұл күннің демалыс беріліп, мерекеге айналуы мұсылман қауымын қуантатын жай.