Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Электрондық құжаттар айналымының біртұтас жүйесінің жаңа платформасы бойынша республикалық семинар

2013-07-29
«Мемлсараптама» РМК қызметін жетілдіру бағдарламасы бойынша іс-шаралар шеңберінде, жасаушысы «НАТ Қазақстан" АҚ болып табылатын, ЕСЕДО үйлесімді жобалық-сметалық құжаттарды электрондық қабылдау бойынша пилотты жобаны іске асыру жүзеге асырылуда. 2013 жылдың 24-25 шілдесінен бастап Астана қ. «НАТ Қазақстан» АҚ ғимаратында жобаларды мемлекеттік сараптауда электрондық құжаттар айналымының біртұтас жүйесінің жаңа платформасы бойынша республикалық семинар өтті. Республикалық семинарға жобалық-сметалық құжаттардың электрондық құжатайналымын қамтамасыз ететін процесстермен айналысатын «Мемлсараптама» РМК аймақтық бөлімшелерінің мамандары қатысты. Аяқталған соң семинарға қатысушылар, курстан өткендерін растайтын сертификат алды. Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар 2013 жылдың 10 шілдесі ЭЖҚК Ақмола облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен Ақмола облысы бойынша Филиалда «Жемқорлықпен күресудің қылмыстық-құқықтық шаралары» тақырыбына дәріс оқылды. Қызметкерлерді ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырды, жемқорлықтық қылмыстар жазаланатын ҚР Қылмыстық кодексінің баптары мысалға келтірілді. Дәріске қысқа шолуэкономикалық, саяси, құқықтық және идеологиялық сипаттағы глобалды өзгерістер жағдайында жемқорлықпен күрес мәселесі Қазақстан Республикасында өте өткір және саяси мәнге ие болды. Осы үдерістер айналасында заманауи жағдайларда жемқорлықтың мемлекеттің мемлекеттік билігіне және экономикалық қызметіне тереңдеп ену тенденциясы бақылануда. Жемқорлықты қабылдау рейтингінде Қазақстан 2010 жылы 186 мемлекеттік ішінен 105 орын алды, 2012 жылы 182 мемлекеттік ішінде 120 орын алды. Жемқорлық мемлекеттің құлауына әкеледі, өйткені мемлекеттік қазына ұрланып, босатылады, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігіне наразылықтары үдей түседі. Жемқорлық - бұл әлеуметтік қастық, ол біріншіден, мемлекеттік үлкен қаржылық қастық келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің авторитетіне зиянын тигізеді, үшіншіден, қоғамды және мемлекеттік биліктің уәкілеттерін моральды ыдыратады. Жемқорлыққа ЖОҚ дейміз.