11 тамыз күні филиал ұжымы құрылысшылар күнін және «Мемсараптама» РМК құрылғанына 25 жыл толу мерейтойын атап өтті.
Мереке құрметіне еселі еңбегі, жоғары біліктілігі, аймақ құрылысының дамуына қосқан үлесі үшін филиалдың 14 қызметкері ҚР Өңірлік даму министрлігінің құрылыс және ТКШ істері бойынша агенттігінің, «Мемсараптама» РМК, «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ, «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.