Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау сапасын арттыру бойынша кеңес туралы ақпарат

2013-06-11
Жобалау сапасын арттыру бойынша кеңес туралы ақпарат
Құрылыс және ТҮШ істері Комитеті Төрағасының Орынбасары 2013 жылғы 17 сәуірдегі №21-3-05-118 тапсырмасын және «Жобалардың сапасын арттыру шаралары туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы №1 Хаттама шешімін орындау үшін, өзара әрекеттесу шеңберінде «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті бірігіп, а.ж. 30 мамырда «Құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсыну кезіндегі жобалау мекемелері жіберген бұзушылықтары мен мемлекеттік нормативтер талаптарынан ауытқушылықтары» және «Жобалау құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту мен құру және жобалау сапасын арттыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР қолданыстағы заңнама және нормативтік құқықтық актілер талаптарын қатаң сақтау» күн тәртібімен техникалық кеңес өткізді. Кеңеске қатысқандар: 1. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалынан: директор – Лекеров С.О. 2. Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінен: басшысы – Прімбетов Б.А., әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Трантин Т.Б., МСҚИ бөлімінің басшысы – Сопрун О.А., бас маман – Төреғали Г.Т. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекемелері (бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі) мен жобалық ұйымдарының басшылары шақырылды. Кеңесте сөз сөйлегендер: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР қолданыстағы заңнама және нормативтік құқықтық актілер талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жайында Прімбетов Б.А.; құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсыну кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтар мен ауытқушылықтар туралы Лекеров С.О.; мемлекеттік мекемелер мен жобалық ұйымдар басшылары. Кеңес қатысушыларын тыңдап, пікірлер алысқаннан кейін, шешілді: 1. Жобалық ұйымдарға: - Алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсыну кезінде ерекше ауытқушылықтарды ескеру; - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР қолданыстағы заңнама және нормативтік құқықтық актілерге енгізген өзгерістер мен толықтыруларға уақытында көңіл бөлу; - жобалау сапасын арттыру бойынша шаралар қолдану; - құрылыс барысына авторлық қадағалау жүргізуді жүзеге асыру бойынша өзінің шарт міндеттемелерін қатаң сақтау. 2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігіне (Тапсырысшыларға): - жобалауға арналған шарттарды жасасу кезінде бекітілген нормативтерге сәйкес жобалау мерзімдерін анықтау.